Жайық деңгейі бір тәулікте 25 сантиметрге артты

screenshot 20240501 104014 whatsapp Жаңалықтар

Атырау облысының Индер ауданы Индербор кенті тұсында Жайық өзенінің деңгейі 7 метрден асты. БҚО-нан келетін су есебінен Индербор кентінің гидропостында су деңгейі бір тәулікте тағы 25 сантиметрге көбейіп, 718 сантиметрге жетті. Мұндағы қауіпті деңгей көрсеткіші – 845 см.

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалы мамандарының мәліметінше, Махамбет кенті маңында Жайық өзені 15 сантиметрге өсіп, 779 см-ді құрады. Қауіпті деңгей – 850 см. Атырау қаласындағы өзен деңгейі 4,5 метрден асты. Бір тәулікте 5 сантиметрге өсіп, 451 сантиметрге жетті. Мұндағы қауіпті деңгей – 550 см.

Айта кетейік, Иректі су қоймасынан секундына 141 текше метр су жіберілуде.
Қиғаш өзенінің суы Шортанбай ауылындағы гидро бекетте 10 см, Котяевка мен Ганюшкино ауылдары тұсында 4 сантиметрге көбейді. Ал Волгоград гидроэлектр бекетінен секундына 19 680 текше метр су жіберілуде.
Айтпақшы, Жем өзенінің деңгейі 4 сантиметрге төмендеді.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз