Мал шығыны есептеліп жатыр

mal shygyny 1 Ауыл шаруашылығы

Атырау облысының Қызылқоға ауданында көктемгі су тасқыны салдарынан 133 мал басы шығынға ұшырады. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлады.
​Қазіргі уақытта суға кеткен мал, құс өлекселерін іздестіру мен жинау жұмыстары жалғасуда. Табылған өлекселер арнайы орындарда жойылып жатыр.
​Сондай-ақ, ауданда шығынды есептеуге арналған комиссия құрылды. Су тасқынынан малы шығындалған тұрғындар мен шаруа қожалықтарынан өтемақыға өтінімдер қабылдануда. Малдың шығынын өтеуге байланысты қаражат көлемін есептеу жұмыстары жүргізілуде.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз