Атыраудың жаңа бас санитарлық дәрігері тағайындалды

33416630dc78934ba Жаңалықтар

Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жаңа басшы келді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен аталған лауазымға Әлия Бекешева тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлия Аюпқалиқызы 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 1995 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде «гигиенист-эпидемиолог» мамандығын тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының дәрігер-эпидемиологы болып бастады. Әр жылдары Атырау қалалық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында түрлі лауазымдарда, дәрігер-эпидемиолог, санитарлық дәрігер, еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы бөлімдерінің басшысы болып жұмыс істеген.

Сондай-ақ Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы, бөлім басшысы қызметтерінде болды. Бүгінге дейін Атырау аталған департамент басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз