ҚҰРАНДЫ КІМ ЖАТҚА БІЛЕДІ?

«Иманғали» орталық мешітінде Құранды жатқа және мәнерлеп оқу бойынша  ІІІ облыстық  жарыс өтті. Екі бағыт бойынша ұйымдастырылған сайысқа 12-24 жас аралығындағы 26 үміткер қатысып, өзара бақ сынасты.

 

«Иманғали» орталық мешіті және Атырау қаласының жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шара осымен үшінші мәрте өтіп отыр.Сайыс тартысты екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде жарысқа қатысушы өзі білетін бір сүрені мәнерлеп оқып, бағын сынаса, екінші кезеңде кіл жүйріктің ішінен оза шапқан екеуі ғана Құранды екі парадан жаттау бойынша жарысқа түсті.

Ерекше сипаттағы сайыстың шешімдерін өзара сарапқа салған қазылар алқасы жеңімпаздардың есімдерін атады. Құранды мәнерлеп оқу бағыты бойынша І орын Саламат Иманғалиевке бұйырса, ІІ орынды Ерлан Сағынов иеленді. Ал, ІІІ орынды  Серік Кәрімов қанжығасына байлады. Екінші кезеңде, яғни, Құранның екі парасын жатқа оқудан екі қатысушының бірі Азамат Тәжекенов үздік деп танылса, одан кейінгі орын Исмайыл Табараковке бұйырды.

Жарыс соңында жүлделі орын иеленгендерге ақшалай сыйлықтар беріліп, өзге де қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

                 Балауса АМАНТАЙҚЫЗЫ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық университетінің студенті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз