Үшінші тоқсаннан бастап жоғары сынып оқушыларының қандай форматта оқитыны белгілі болды

0 13 COVID-19: Соңғы поштадан...

«Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша III тоқсаннан бастап 9 және 11 (12) сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады» деп хабарлайды Atr.kz

Бұл сыныптарда математика, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, физика, химия, биология, алгебра, геометрия, тарих және т.б. пәндер мектепте оқытылады.  Яғни, барлық пәннің 70%-ы штаттық форматта өтеді.

«Мектептерде икемді сабақ кестелері жасалып, сабақтар арасындағы үзілістер әр түрлі сыныптар үшін әр түрлі уақытта ұйымдастырылады, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымдар саны көбейтіліп, пәндердің 30%-ы қашықтан оқытылады.

Мұндай шешім ата-аналар мен көпшіліктің пікірін ескере отырып қабылданды. Сонымен қатар бітіру сыныптары түлектерін оқу жылының соңында қорытынды аттестаттау, олардың колледждерге түсу үшін кешенді емтихандар мен жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ тапсыратыны ескерілді» делінген Білім және ғылым министрлігінің баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.

Осы орайда мектептерде санитарлық шаралар сақталатын болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз