Антирекорд: Атырау облысында бір тәулікте 342 адам коронавирус жұқтырған

sin3493 7ud8z7l COVID-19: Соңғы поштадан...

Коронавирустық инфекциямен ауырғандар көрсеткіші бойынша Атырау елімізде бесінші орында тұр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 254 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 19 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 18, Индер ауданында – 17, Исатай ауданында – 8, Қызылқоға ауданында – 9, Құрманғазы ауданында – 4, Мақат ауданында – 6, Махамбет ауданында-7 адам анықталды.

Коронавирус инфекциясы бар 225 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 114 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 1723 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 200, екінші облыстық ауруханада-190, фтизиопульманологиялық орталықта-88, кардио орталықта-107, т/ж ауруханасында-48 ,
аудандық инфекциялық стационарларда-226. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда-88 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта орналасқан және жұқтырған науқастар саны бойынша бесінші орында.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз