ШЫДАМ МЕН ЕҢБЕК – БӘРІН ДЕ ЖЕҢБЕК

shadamМахамбет атындағы қазақ драма театрында «Ақ жол саған, арманшыл ұрпақ!» атты қаламыздағы үздік оқу орындарының бірі – Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің бітіруші түлектеріне диплом тапсыру салтанаты өтті.

Бүгінде колледж тарихындағы жетінші түлектерін ұшырып отырған білім ордасы жаңа заман талабына сай білім беріп келеді. Бұл туралы басқосуда балаларын осы ұяға сеніп тапсырған ата-аналар үлкен мақтанышпен жеткізді.
Биылғы оқу жылын 145 бітіруші түлек үздік дипломмен аяқтап отыр. Колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты, қалалық мәслихат депутаты Бақытгүл Хаменова үздік дипломдарды өз иелеріне табыс етті.
Колледж қабырғасында өзде-рінің сапалы білімдерімен ғана емес, ерекше дарын иесі, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, интеллектуалдық ой-өрістері кең, студенттік жылдары өзінің ерекше белсенділігімен көзге түскен түлектерді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әлия Оңаева Алғыс хаттармен марапаттады.

Аталмыш шараға білім ұясымен бірлесіп қызмет атқарып жүрген «Таңдай Петролиум», «ESS Сапорт сервис», «КазМунай газ компас сервис», «ДАМУ» және «Ренессанс Атырау» компанияларының өкілдері қатысып, түлектерге диплом тапсыру құрметіне ие болды. 
Түлектер атынан оқу үздіктері Әсем Ғиладенова, Дархан Төребеков және Абылай Ахметовтер колледж басшылығы мен ұстаздар қауымына шынайы алғыстарын білдірді.

Салтанат АҚТӘЖИЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз