Атыраудағы ВINOM мектептеріне Әл-Фараби мен Дінмұхамед Қонаевтың есімі беріледі

319096da f4cb 44a0 a272 57142eeea7b9 Білім

Бұл туралы BINOM SCHOOL басқарушы компаниясының директоры Шолпан Қадырова әлеуметтік желіде парақшасында жазды.

«Бином мектептері алдымыздағы оқу жылында өз жұмысын бастайды. Қазір қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде.  Нұрсая шағын мөлтек ауданыңдағы ВINOM мектебіне әлемнің екінші ұстазы – Әл-Фараби есімі берілетін болса, Сарыарқа шағын мөлтек ауданындағы ВINOM мектебіне – Қазақстан КОКП бірінші хатшысы, Ұлт жаңашыры – Дінмұхамед Қонаев есімі берілетін болды», – деді аталған мектепті басқарушы компанияның директоры Шолпан Қадырова.

Қазіргі таңда мектеп ғиматтарын заман талабына сай безендіру, аумақтық абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Сондай-ақ, конкурстық іріктеуге қатысу үшін мұғалімдерден өтініштер қабылдау жұмыстары басталды.

Оқушыларды қабылдау туралы ақпарат жақын арада хабарланады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз