Зияткер  ұрпақ  білімді болмақ

Brifing s direktorom shkolyi 4 Білім

Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсу үшін президенттің «Өркен» білім беру грантын жеңіп алу қажет. Конкурсқа үміткер Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс. Осы орайда, биыл химия-биология бағытындағы мектепке қабылдау  жаңа форматта өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталмыш мектептің директоры Айдарбек Айтбөкешев мәлімдеді.

Брифинг с директором школы (4)

– Алтыншы сыныпта оқып жатқан оқушыларды конкурсқа қабылдаудың форматы өзгерді. Себебі, 2016 жылдан бастап Қазақстанда жаңартылған білім беру мазмұны оқытылып жатыр. Биыл алғаш рет конкурсқа жаңартылған білім беру мазмұнымен оқыған үміткерлер қатысады. Емтихан тапсырмалары жаңа бағдарламаға сәйкес дайындалды, – дейді аталған мектептің директоры Айдарбек Төлепұлы.

Зияткер ұрпақ

Оның айтуынша, емтихан екі күнге созылады. Бірінші күні оқушылар жаратылыстану және математика пәндерінен қабілеттілігін көрсетеді. Ал, келесі күні  сандық форматта  тест болады. Қырық күннен кейін мектептің арнайы сайтында қорытындысы жарияланады. Іріктеу форматы   серіктестермен бірге жасалғандықтан, конкурс шынайы өтеді. Өйткені, қорытындысы Қазақстанда емес, АҚШ-тағы талантты жастарға арналған  CTY орталығында әзірленеді екен.

Гүлдана ЖАМБОЗОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз