Жаңа автобус – жұрт игілігіне!

20181006210915 Жаңалықтар

Атыраулықтар үшін жағымды жаңалықтардың бірі, 21 орындық және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған – екі, тұрып тұратын – 75 орны бар «Deo-217» маркалы жаңа автобустар пайдалануға берілді. Осылайша, облыс орталығында қоғамдық көлік тұжырымдамасын іске асыру басталып кетті. Ағымдағы жылдың аяғына дейін тағы 80 жаңа автобус келеді деп күтілуде.

– Бүгінгі біздің басты міндетіміз – қоғамдық көліктегі жаңа тұжырымдаманы жүзеге асыру болып табылады. Бұл мәселе – облыс әкімінің тікелей бақылауында. Электрондық билеттерді енгізумен қатар біз бюджеттегі салық түсімдерін көбейтуге, жолаушылар тасымалы жүйесін өзгертуге, қолданыстағы қоғамдық көліктердің жай-күйін жақсартуға және жаңадан сатып алынған көліктерді жақсы жағдайда ұстауға ниеттіміз. Бұдан бөлек, қайта құру мен кеңейтуге көшкен көшелерде 23 жаңа аялдама орнаттық. Келесі жылы 254 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолын салуды жоспарлап отырмыз, – дейді Атырау қаласының әкімі Алимұxаммед Құттұмұратұлы.

20181006210915

Еске сала кетсек, 15 қыркүйектен бастап пилоттық режимде жаңа электрондық билеттер жүйесі де іске қосылған болатын. «Жаңа қоғамдық көлікте электронды жүйе орнатылған. Жалпы, жаңа автоубстар жобасы инвестор қаржысымен жүзеге асуда. Мемлекет кәсіпкерге лизинг шеңберінде автобус сатып алуға бөлінген несиеге субсидия төлейді. Жаңа автобустар ең көп күш салынатын №14 маршрутқа беріледі. Қалған бағыттар кейін жаңаланады» дейді қала әкімінің орынбасары Мейірім Қалауи.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз