ХАБАРЛАСЫҢЫЗ, ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ!

Жедел желі! Енді сіз мемлекеттік салаға байланысты немесе өзіңізді мазалаған мәселе бойынша кез келген уақытта жедел желінің қызметін пайдалана аласыз. Халықпен жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында 7-ші желтоқсаннан бастап іске қосылатын жедел желіге еліміздің кез келген нүктесінен тегін қоңырау шалуға болады.

«Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалының хабарлауынша, жедел желіге партия мүшесінің «Әдеп кодексін» бұзғаны, заңсыз әрекеттері, мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалар тарапынан болған жемқорлық әрекеттер, бюджеттік қаржылардың, оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасына, сондай-ақ басқа да мемлекеттік және салалық, өңірлік бағдарламаларға байланысты тиімсіз пайдаланған деректері бойынша хабарлауға болады.

Жедел желінің көмегімен жеке мәселелер бойынша қабылдауға жазылып, өтініш-тердің қаралу барысын анықтауға, кеңес алуға, мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыру, заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар білдіруге мүмкіндік бар.

Жедел желі – 8 800 080 4441.

Жедел желі жұмыс күндері таңғы сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Жұмыс уақытынан тыс және демалыс күндердегі қоңыраулар жазылып отырады.

Сондай-ақ, азаматтар + 7 700 800 4441 нөмірлі Whatsapp мессенджері арқылы хабарламаларды, сурет пен бейнежазбаларды жолдай алады.

Өз тілшіміз.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз