Картоп өсіруде жаңа технология қолданылады

картоп өсіруде....... Жаңалықтар

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізген брифингте облыс халқын картоппен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып тұрғанын айтты.

картоп өсіруде.......

– Жыл сайын ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидия көлемі кемімей, керісінше көбейіп отыр. Бүгінгі күннің өзінде егін шаруашылығы өнімділігін арттыру, егіс алқаптарын кеңейту мақсатында біз бір миллиард жарым теңге көлемінде субсидия алып отырмыз. Тіпті, балықтарды тоғандарда өсіру үшін де  субсидия бөлуге ұсыныс берілді.

Иә, Атырау облысы бүгінгі таңда картопты есептемегенде, көкөністің барлық түрімен өз-өзін 100 пайызға қамтып отыр. Картоппен қамтылу деңгейіміз – 40 пайыз. Бірақ, ауыл шаруашылығы аумағын кеңейтуге жұмыстанып жатырмыз. Өткен жылдың қорытындысымен бұл көрсеткіш 7600 гектар болса, биыл 8400 гектар жерге егін егуді жоспарлап отырмыз. Ал, тамшылатып суару әдісімен 1927 гектар жер қамтылса, биылғы меже – 2300 гектар. Біздің топырағымыз бұған сұранып отыр. Сол себепті, ғылым мен тәжірибе қатар жүруі тиіс. Аграрлық саладағы қызметкерлер де мұны жақсы түсінеді. Биылдан бастап субсидиялаудың жаңа түрі енгізілді. Тамшылатып суару жүйесінде қолданылатын құбыршектер (шланга) бағасының 30 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады.

Бұл салада еңбек етіп жатқан адамдар өнім көлемін арттыруға ниет білдіруде. Яғни, мұны сапалы дақылдарды егу, жаңа технологияларды, жерді, топырақты тыңайту арқылы жүзеге асыруға бел буып отыр, – деді облыс әкімі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз