Атырауда карантинде той өткізгендер рейд өкілдеріне қоқан-лоқы көрсетті (+ВИДЕО)

ATR.TV Жаңалықтар Қоғам Құқық

Atr.kz/30 тамыз, 2020 жыл. Алдымен, адам лық толы автобус пен «Газель» көлігі мобильдік рейд өкілдерінің назарына ілігеді. Сөйтіп, тәртіп сақшылары олардың соңынан ереді. Ақыры, құмырсақадай қаптаған құда күтуші қонақтардың дәл үстінен түседі.

Бірақ, той иелері кінәсін мойындамай, «Сaspiannews» операторына қоқан-лоқы көрсеткен. Тіпті, «бір қоңыраумен» қорқытпақшы да болған. Әйтсе де, тәртіп сақшылары тентектерді тезге салып, тиісті түсініктеме алған.

Осындай думан Дамбы ауылында да тіркелді. Ондағылар да қонаққа мобильді топ келеді деп күтпесе керек. Алпыстан астам той қонақтары тарақандай тым-тырақай қаша жөнелді. Арнайы топ өкілдері тойды тоқтатып, түсініктеме толтырды.

Осылайша, бір рейдте он шақты заңбұзушылық анықталды. Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Бақытбек Хамза мұндай шаралар күн сайын ұйымдастырылатынын және тәртіп орнағанша жалғаса беретінін атап өтті.

ТОЙ-ТОМАЛАҚ ТЫЙЫМҒА ҚАРАМАЙ ТҰР.

Келін түсіріп, қыз ұзатып жасырын той жасайтындар көбейіп кетті. Атыраулықтар күн райы қолайлы уақытта ауласына киіз үй тігіп думандатып жүр.

Опубликовано Caspian news Воскресенье, 30 августа 2020 г.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Бейнежазба: «caspiannews.kz»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған