Атырауда 8 аурухана жабылады

ambulance 1005433 960 720 Жаңалықтар

2025 жылға дейін Атырау облысындағы 22 ауруханадан 14 аурухана қалдырылады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева мәлімдеді.

ambulance-1005433_960_720

Оның айтуынша, бұл біріктіру жұмыстары денсаулық сақтау ұйымдарының бірыңғай перспективалық жобасы аясында жүзеге асады. Перспективалық жоба бойынша аймақтағы 22 ауруханадан (онкология, тері-венерология, наркология, кардио-орталық, перинаталды орталық, қалалық перзентхананы көп бейінді ауруханаға біріктіру және 2 селолық аурухананы дәрігерлік амбулаторияға алмастыру арқылы) 14 аурухана қалдыру жоспарланған. Нәтижесінде 2 көп бейінді аурухана мен көп бейінді балалар ауруханасы құрылады, наркологиялық диспансер облыстық психикалық денсаулық орталығының құрамына енеді.

Сонымен қатар, басқарма басшысы Өркен ықшам ауданынан емхана салу және 5 дәрігерлік амбулатория құрылысы, Атырау қаласында оңалту орталығы, медицина колледжінің студенттеріне арналған 200 орындық жатақхана салу – кезек күттірмес мәселе болып тұрғаны айтылды.

– Бұл жұмыстарды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асыру жоспарланған, – деп атап өтті салалық басқарма басшысы.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз