«Атырау-Астрахан» тас жолының бойынан да мемлекеттік қызмет көрсетілетін болады

20170516 152019 Жаңалықтар

Стратегиялық маңызға ие «Атырау-Астрахан» тас жолының бойынан мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимараты салынады.

20170516_152019

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Атырау облысы бойынша филиалы департаментінің басшысы Тұрлан Нұржанов хабарлады.

Спикердің айтуынша, аталған мақсатқа қазіргі таңда жер телімі бөлініп, құжаттары рәсімделіп жатыр. Сондай ақ, Исатай аудандық бөліміне де жаңа ғимарат тұрғызу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетелік, бұған дейін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің қалалық №3 және Жылыой, Махамбет аудандары бөлімдері жаңа ғимаратқа көшірілген болатын.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз