Атырауға Армения саяхатшысы келді

IMG 0370 30 03 17 09 36 Жаңалықтар

Атырауға әлем елдерін велосипедпен аралауға бел буған 39 жасар саяхатшы Артур Оганян келді. Ол Жайық жағасында қыдырып, қаланың көрікті жерлерін аралады. Армениядан Атырауға дейін 4000 шақырымды жүріп өткен саяхатшы Астанаға да баруды көздепті. Бұл – оның Қазақстанға тұңғыш сапары.

IMG_0370-30-03-17-09-36

  • Мақсатым – халықтар арасындағы достықты, бірлікті нығайтуға үлес қосу. Бұған дейін Ақтау қаласында аялдадым. Екі қалада да адамдардың қайырымды, мейірімді екеніне куә болдым. Көпшілігі үйіне шақырды, қондырды. Өздерімен бірге тамақтандырды,- дейді саяхатшы.

IMG_5227

Артур Оганян сапар барысында сегіз велосипед ауыстырыпты. Қасында сенімді серігіне айналған «Граф» атты неміс овчаркасы бар. «Бұл менің күзетшім» деген ол енді Орал қаласына бармақ. Астанадан кейін Ресей қалаларын да аралап, сапарын Якутияда аяқтауды жоспарлапты.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз