«Ақ Жайық» резерватында өртті болдырмау бағытында жұмыстар жүргізілуде

IMG 0699 17 07 18 06 11 Жаңалықтар

Қазіргі таңда «Ақ Жайық» резерватында өртті болдырмау бағытында жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. 

IMG_0699-17-07-18-06-11

16 шілде күні, таңғы уақыт шамасында Еркінқала ауылының маңындағы «Ақ Жайық» резерватында қамыс өртенген болатын. Бүгінгі күні ол жердегі өрт толықтай өшірілгенімен, әлі де тұтанып жатыр. Өрттің аумағы – 15-18 гектар шамасында.

Қазіргі таңда ол аумақта Ақ жайықтың 30 адамы мен 6 техника жұмыс жасауда. Сонымен қатар, ТЖД 20 қызметкерлері мен 2 өрт сөндіргіш көлік жұмылдырылды,- дейді Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Жанар Қаржаубаева.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз