Қолбасшы кубогі кімге бұйырды? (+ФОТО)

IMG 20190121 WA0027 Жаңалықтар

«Жайық» мәдени-спорттық кешенінде «Батыс» өңірлік әскери қолбасшылығының кубогын сарапқа салған, әскерилер арасында   жауынгерлік жекпе-жектен «Қазақ жауынгері» атты  ашық чемпионат болып өтті.

IMG-20190121-WA0023

IMG-20190121-WA0027

Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жауынгерлердің арасында тұңғыш рет рет өткізіліп тұрған доданың салтанатты ашылуына өңірімізге белгілі споршылар, Ауған соғысының ардагерлері, өңірлердегі бөлімшелердің командирлері қатысты. Шара басында «Батыс» өңірлік әскери қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қаныш Әбубәкіров сөз алып, сайысқа қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.

IMG-20190121-WA0029

IMG-20190121-WA0032

Жүзге жуық жауынгерді жүздестірген жарысқа  «Батыс» өңірлік әскери қолбасшылығына қарасты  Ақтөбе, Ақтау, Атырау гарнизондарынан келген тоғыз команда қатысып, олар жеті салмақ бойынша  өзара мықтыны анықтады. Тартысқа толы өткен бәсекелердің қорытындысында әр салмақтағы жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар табысталып,  жалпы командалық есепте жоғары көрсеткішке ие болған атыраулық «Батыс» командасы қолбасшы кубогының иегері атанды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

IMG-20190121-WA0030

 

      

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз