Қазақстан мұнай экспорттаушы көшбасшы елдердің қатарына қосылып, 12-ші орынға тұрақтады

Жаңалықтар

Atr.kz/5 қыркүйек, 2019 жыл. Елімізде бүгінде 300-ден аса мұнай кен орыны сәтті игерілуде.


Ал, мұнай қорының көлемі 90-шы жылдардан бері 5,3 млрд. баррельден 30 млрд. баррельге дейін өсті. Бұл туралы бүгін Атырауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
“Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Елбасының стратегиялық дұрыс шешімінің арқасында мұнай саласына Шеврон, Аджип, Шелл, Тоталь, СНПС сияқты әлемдегі ең озық компаниялар инвестициялар мен технологиялар алып келген болатын.
Әрбір жаңа жоба жүзеге асырылған сайын мұнай саласы өз қуатын және әлеуетін ұлғайтты” деп атап өтті министр Қанат Бозымбаев.
“Осындай жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан мұнай экспорттаушы көшбасшы елдердің қатарына қосылып, мұнай қоры бойынша 12-ші орынға (4,6 млрд.тонна) және газ қоры бойынша 22-ші орынға (3,9 трлн.м3) көтерілді” деп нақтылады спикер.
Еске сала кетелік, бүгін Атырауға кезекті жұмыс сапарымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келді.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *