Үй алуға үміткер жастардың жалақысы қанша болуы тиіс?

Ел жаңалықтары ЖАСТАР ЖЫЛЫ Жаңалықтар Әлеумет әлеуеті

Atr.kz/6 қараша, 2019 жыл. Жұмыс істейтін жастарға арендалық баспана беру кезінде жалақы мөлшеріне қойылатын талап өзгеруі мүмкін. Бұл туралы бүгін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Мәжілісте өткен үкімет сағатында депутат Құралай Қарекен арендалық баспағана үміткер жастардың жалақысына қойылатын талапқа тоқталды. Мәжілісменнің мәліметінше, қазір елордада 29 жасқа дейінгі 7 669, Алматыда 7863, Шымкентте 11 022 жас баспана кезегінде тұр. Яғни, жалдамалы пәтерге сұраныс өте жоғары. Алайда арендалық баспана берудің ережесіне сәйкес, жұмыс істейтін жастың ай сайынғы табысы 40 АЕК-тен кем (101 мың теңгеден) болмауы тиіс.

“Бұл дегеніңіз, жалақысы 101 мың теңгеден аз жастар мұндай пәтерге қол жеткізе алмайды. Жалдамалы баспанаға үміткерлердің санын арттыру мақсатында ай сайынғы табыстың мөлшерін төмендету мүмкіндігі қарастырылып отыр ма?”, – деп сұрады Қарекен министрден.

Абаев жалдамалы пәтер жобасы енді қолға алынып жатқанын атап өтіп, келешекте министрлік кейбір талаптарды өзгертуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

“Біз талдау жасап, қарайтын боламыз. Қажетті соманы төмендетуге дайынбыз. Меніңше, бұл талқыланатын мәселе, ешқандай проблема көріп тұрған жоқпын”, – деді ол.

Министр жыл соңына дейін арендалық баспанаға үміткерлердің алғашқы легі пәтер кілтін алатынын айтты.

Айта кетсек, биыл Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 3000 пәтер жалға беріледі.  Арендалық баспанада жастар 5 жыл  тұра алады. Пәтерді жалға алу ақысы 15 мың теңгеден аспайды. Ал, тұрғын үй алаңы – кемінде 40 шаршы метр.

Елордада жалдамалы пәтерге құжат қабылдау бүгін басталды. Алматы жастарынан 200-ден аса өтінім түскен.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *