«ТАҢШОЛПАННЫҢ» ЖҰЛДЫЗЫ КІМ?

Жуырда С.Қазыбаев атындағы №1 балалар үйінде облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен республикалық «Таңшолпан» балалар музыкалық конкурсының облыстық іріктеу сайысы өтті.

 

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі тәрбиеленушілердің шығармашылығы мен дамуына қамқорлық жасау мақсатында қолға алынған шара осымен оныншы мәрте ұйымдастырылып келеді.

«Даңқ сәті» форматындағы кастинг ретінде өткен байқауға облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінен, С.Қазыбаев атындағы балалар үйінен 20 тәрбиеленуші қатынасты. Барлығы да бір-бірінен кем түспей, өз таланттарын байқатты. Байқау соңында барлық қатысушыларға «Таңшолпан» балалар музыкалық конкурсының ұйымдастырушысы Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы З.Оразалиеваның атынан сертификат табыс етілді.

Сайысты «Таңшолпан» бағдарламасы қазылар мүшелігінен құралған арнайы түсірілім тобы теледидарға түсірді. Ендігі шешім Астанада шығады.

А.ЕРТІЛЕУ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз