СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ – СУДЬЯЛАР ҚОШЕМЕТІ

Жуырда Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  төрайымы Б.Файзуллина, судьялары Н.Ысқақова, Б.Идрисов  Ұлы Отан соғысы ардагерлері Н.А.Андакулов пен  А.А.Захарованы  құттықтап, майдан даласындағы естеліктерін тыңдады.

 

Николай Андакулов 1943 жылы әскер қатарына шақырылып, Украина, Молдавия, Румыния, Австрия және Чехословакияны неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге қатысты. Ұрыста көрсеткен қаһармандық ерлігі үшін II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, Кеңес Одағының маршалы  Г.К.Жуков атындағы медальмен марапатталған.

Анна Захарова 1942 жылы қысқа мерзімді байланысшылар курсын бітіргеннен кейін 2-ші  Украин майданының  44-ші байланысшылар батальоны сапында алғашқы ұрысқа қатынасты. Харьков қаласы үшін болған  шайқаста ауыр жараланып, госпитальда емделгеннен кейін елге оралды. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін бірінші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, көптеген жауынгерлік медальдармен  марапатталған.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз