Токио 2020: атыраулық дзюдошы Зарина Байбатина күміс медаль иеленді

img 20210829 wa0056 Жаңалықтар

Зарина Байбатина Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атыраулық дзюдошы Зарина Байбатина +70 келі салмақта Токио Паралимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болды.

Зарина алғашқы кездесуінде моңғол спортшысы Нямаа Алтанцецегті ұтса, жартылай финалда италиялық әлем чемпионатының қола жүлдегері Коста Каролинаны тізе бүктірді. Ақтық сында әзірбайжандық Каримова Дурсадафтан ұтылды.

Осылайша Зарина төрт жылдықтың басты бәсекесінде жүлде алған үшінші атыраулық спортшы атанып отыр. Бұдан бұрын Ануар Сариев пен Дәулет Теміржан күміс жүлде иеленген болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз