Махамбет ауданында пандемияға қарамастан, шаруа қожалықтарындағы​ жұмыстар іркіліссіз ​ жүруде (+ВИДЕО)

4b8244b870976f5a84e9b28374d65a82 original.246216 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/12 тамыз, 2020 жыл. Қазіргі уақытта аудан халқын жергілікті қожалықтар малға қажетті шабындық шөппен толықтай​ қамтамасыз етіп отыр.​ Атырау қаласына іргелес орналасқан Махамбет ауданындағы үш шаруа қожалығы шабындық шөпті аудан тұрғындарына қолжетімді бағада сатуда.

https://www.facebook.com/atyraunews/videos/734035340719179/?tn=K-R

Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Олжас Мырзабековтың айтуынша, пандемиян кезінде шаруашылықтарда тұралау болмаған. ​

«Махамбет ауданында үш шабындық алқабы бар. Соның ең байырғысы әрі көлемдісі –​ «1 мамыр» қожалығына қарасты ​ «Шодыр» шабындық алқабы. Жердің көлемі 923 гектарды құрайды. Жылына мың жарым тоннаның үстінде ірі сабақты мал азығы алынып, шаруа қожалықтың малдарына берілуде.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындары ауданға қарасты «Жарасов», «Бейсәлиева Рауза» ​ шаруа қожалықтарынан қолжетімді бағада мал азығын сатып алып отыр. Шабындық алқаптарында негізінен Бейбарыс, Талдыкөл, Аққайың ауылдарының тұрғындары жұмыс жасайды- дейді Олжас Мырзабеков.

Сонымен бірге, бүгінде Махамбет ауданындағы қожалықтарда өсірілген бау-бақша өнімдері жергілікті ​ және облыс тұтынушыларына қолжетімді ​ бағада жеткізіліп жатыр.

Өнімдерін күніге Атырау қаласына жөнелтіп отырған шаруа қожалығының бірі – «Дебдиева З». Қожалық басшысы Магомед Магомедовтың сөзінше, егін шаруашылығында тамшылатып суару әдісі жолға қойылған. Жұмысқа өзге ұлт өкілдерімен қатар, жергілікті тұрғындар да тартылып отыр.

«Егін шаруашылығымен 2013 жылдан бері айналысып келемін. Биыл 90 гектар жерге егін салдық. Оның ішінде, ​ картоп, пияз, сәбіз, капуста, қарбыз да бар», – дейді Магомед Магомедов.

Еске сала кетелік, Махамбет ауданында жалпы шабындық көлемі 1420 га құрап отыр. Бүгінгі күні аудан бойынша 550 га жерге картоп, 795 га жерге көкөніс, 385 га жерге бақша өнімдері, 2300 га жерге мал азық ​ дақылдары егіліп жатыр.

Қазіргі уақытта Махамбет ауданында егін шаруашылығымен айналысатын 102, мал шаруашылығымен шұғылданатын 120 ​ қожалық бар. ​

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз