dobrovolinoe 696x365 1

Ажырасудың негізгі себептері анықталды

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/27 қазан, 2020 жыл. Отбасылардың неке бұзуларына түрткі болатын себептер анықталды. Бұл туралы облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысында белгілі болды.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің» мәліметінше, бүгін Атырау облысы Іскер әйелдер ассосациясының төрайымы Нұрлы Айтиеваның басшылығымен комиссия отырысы болып өтті. Аталған жиында ерлі-зайыптылардың ажырасуы, отбасындағы зорлық-зомбылық, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі сияқты мәселелер көтерілді.

«Аға буын тарапынан жас отбасыларға тәрибені күшейту, отбасы құндылықтарын дәріптеу арқылы жастардың жауапкершілігін арттыру мақсатында бірнеше рет салтанатты кездесулер мен конкурстар ұйымдастырылып, отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу, бала тәрбиесін күшейту үшін қалалық әкімдік жанынан «Аналар кеңесі», «Әкелер кеңесі», «Ақсақалдар кеңесі» құрылды»,- деп мәлімдеме жасады Атырау қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Самат Емберген.

Ал, аудандар арасындағы жүргізілген сауалнамада жастардың бірін-бірі жөнді танымай жатып отбасылы болуы, қызғаныш, отбасылық қаражат, балалы болмау, туыстардың араласуы сияқты бірнеше себептер өз әсерін берген.

Биылғы жылдың 9 айына талдау жасаған статистикада облыс бойынша 4638 неке қию тіркелсе, 1192 ажырасу орын алған. Бұл құрылған шаңырақтың 25 пайызын құрап отыр.

Аталған жиында қоғам қараткері Рәшила Мүрсалиева тек кездесулер мен кеңестер құрып ғана қоймай, әркез шаңырақтың шайқалу себебіне талдау жүргізіп, зорлық-зомбылықты болдырмау бағытында нақты шаралар қабылдау қажеттігін баса айтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған