Ауыл шаруашылығы – аудан тірегі

4e831997 bc08 446e aaa0 2c04388395e6 Жаңалықтар

Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. Бұл ретте, саланың дамуына көңіл бөлініп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік саласы қоса дамып, өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалуда. Ауданда мал басы жылдан-жылға артып келеді. Бұл тұрғындардың әлеуеті де өскендігін байқатса керек.

Ауданда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі  12 832,6 миллион теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 101,7 пайызға өсті. Аудандағы шаруа қожалықтары мен шаруашылықтарға 116,2 миллион теңгенің субсидиясы асыл тұқымды ірі қара, жылқы, қой малына және тұқымдық түрлендіру, селекциялық жұмыстарды субсидиялауға берілді. 

Мал басын асылдандыру бағытында аудан бойынша биылғы 11 айда 93 шаруа қожалығы мен шаруашылықтар 106 бас асыл тұқымды бұқа, 50 бас асыл тұқымды сиыр, 144 бас асыл тұқымды қошқар, 10 бас асыл тұқымды жылқы сатып алды.

Ауыл шаруашылығы –

аудан тірегі

Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. Бұл ретте, саланың дамуына көңіл бөлініп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік саласы қоса дамып, өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалуда. Ауданда мал басы жылдан-жылға артып келеді. Бұл тұрғындардың әлеуеті де өскендігін байқатса керек.

Ауданда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі  12 832,6 миллион теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 101,7 пайызға өсті. Аудандағы шаруа қожалықтары мен шаруашылықтарға 116,2 миллион теңгенің субсидиясы асыл тұқымды ірі қара, жылқы, қой малына және тұқымдық түрлендіру, селекциялық жұмыстарды субсидиялауға берілді. 

Мал басын асылдандыру бағытында аудан бойынша биылғы 11 айда 93 шаруа қожалығы мен шаруашылықтар 106 бас асыл тұқымды бұқа, 50 бас асыл тұқымды сиыр, 144 бас асыл тұқымды қошқар, 10 бас асыл тұқымды жылқы сатып алды.

Кәсіпкерлікке –  кең өріс

Кез келген елдiң экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтiк тұрақтылығы құрылыс саласының дамуымен тiкелей байланысты. Еліміз Тәуелсiздiк алғаннан кейінгі жылдары құрылыс саласын дамытуға барынша жағдай жасалды. Отандық құрылыс индус-триясы қанат жайды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында  48 сауда нысаны, 1 қоғамдық тамақтандыру орны  болса, 30 жыл ішінде сәулетті де, заман талабына сай кәсіпкерлік нысандар – 201 сауда нысаны, 1 базар, 47 қоғамдық тамақтандыру, 90 халыққа қызмет көрсету, 27 шағын өндіріс орны ашылды.

Биыл аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің саны 1637-ні құрап, былтырмен салыстырғанда 1,2 пайызға артты. Ал, шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша жұмыспен қамтылғандар саны 2555 болып, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 130,8 пайызды құрап, өнім шығарылымы 129,9 пайызға өсіп отыр.  Сонымен қатар, осы жылы ауданда 6 кәсіпкерлік нысан іске қосылса, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасының грант қаражатын алған 15 кәсіпкер әртүрлі қызмет түрлерін халыққа ұсынып, биыл сегіз жоба грант қаражатын иеленді.

Өнеркәсіпті өңір

Ауданның өнеркәсіп саласында үш мұнай кәсіпорны жұмыс істейді. Оның алғашқысы – 1995 жылы құрылған «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы. Оған қарасты Кенбай кенішінің ашылуына 1996 жылдың 10 маусымында Елбасы арнайы келіп, тұңғыш ұңғының бұрандасын ашуы тарихи мәні зор күн болған еді.

Ал, 1995 жылы құрылған «Мәтен Петролеум» бірлескен кәсіпорнының  жер учаскесінің көлемі – 240 гектар. Негізгі кәсібі мұнай-газ өндіру болса, 2004 жылы құрылған «Сағыз Петролеум Компани» ЖШС геологиялық барлау жұмыстарымен және мұнай-газ өндірумен айналысып келеді. Есепті кезеңде аталған үш кәсіпорын 585,4 мың тонна мұнай, 15,0 миллион текше метр табиғи газ өндірді.

Қанат жайған құрылыс

Ауданда заманауи үлгідегі әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер салынуда. Екі округте спорт кешендері жұмыс істейді. Тасшағыл, Жасқайрат, Қоныстану және Қарабау ауылдарынан салынатын спорт кешендерінің жобалары дайындалып қойылды. Қазіргі уақытта кешенді сараптамадан өтуде. Мұндай нысан Мұқыр ауылында да тұрғызылмақ.

Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жаңадан 10 нысанның құрылыс жұмыстары жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, Жасқайрат, Қоныстану,  Жангелдин ауылдарында кірме жолды жарықтандыру, Миялы ауылындағы спорт кешенін күрделі жөндеу нысандары аяқталып, пайдалануға берілді. Ал, Миялы ауылындағы орталық стадионды жаңғырту, Сағыздағы стадион құрылысы, ауылішілік жол құрылысы, электр желілерін жаңғырту жұмыстары басталып, жүргізілуде. Бұл нысандарды бөлінген қаражатқа сәйкес келесі жылы аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, аталған бағдарлама аясында Миялы және Сағыз ауылдарынан спорт алаңдарының құрылысы басталады.

Көп қабатты үйлер салынады

Биыл Мұқыр ауылындағы 424 орындық орта мектептің құрылысы, Қарабау ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункті пайдалануға берілді. Миялы ауылынан үш қабатты 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысыназ жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, облыстық басқармасынан қаражат сұратылған болатын. Соның нәтижесінде, 2022 жылы NCOC компаниясы арқылы құрылысын жүзеге асыру жоспарланса, бұдан басқа Миялы ауылынан тағы да үш қабатты 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Қарабау ауылындағы екі пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы осы желтоқсан айында аяқталды.

2020 жылы Сағыз ауылынан 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысы мен Қаракөл ауылындағы фельдшерлік акушерлік пунктінің құрылысы пайдалануға берілсе, сол жылы Миялы ауылынан  2 пәтерлі 10 тұрғын үй, Сағыз ауылынан 2 пәтерлі 4 тұрғын үй, Мұқыр ауылынан 2 пәтерлі 1 тұрғын үй сатып алынып, аз қамтылған көп балалы отбасыларға берілді. Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы аясында «Шалқыма» мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.

Сондай-ақ, Тасшағыл ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы, аудандық полиция және қорғаныс істері жөніндегі бөлімдердің әкімшілік ғимаратына жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жобалары дайын, құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуді қажет ететін жоспарлы жобалар да бар.

Жаңарған жол, жарқыраған көше

Ауданның көлік қатынасын дамытуға, ауыл іштерін сапалы жолдармен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жобалар іске асырылуда. Еліміздің тәуелсіздік алған 30 жылы ішінде ауданда 445 шақырымнан астам автокөлік жолы салынып, жөндеуден өтті. Бұл аудандағы барлық жолдың 60 пайыздан астамын құрайды. 6,1 шақырым болатын Жамансор елді мекеніне кірме және ауылішілік автокөлік жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Мұқыр ауылындағы 4,8 шақырым болатын ауылішілік автокөлік жолдарының құрылысын келесі жылы аяқтау жоспарлануда. Сағыз ауылында 6,8 шақырымдық ауылішілік жол құрылысы жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта ауылдық елді мекендерде түнгі уақыттар халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында көшелерді жарықтандыру жүргізілген. Ауданға қарасты бірқатар ауылдық округтер мен ауылдық округке қарасты елді мекендерге соңғы үлгідегі прожекторлар қойылды. Аудан бойынша 180 көше болса, оның 131-і жарықтандырылған.

Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында «Миялы – Қарабау – Индер» бағытындағы тас жолдың бойында орналасқан Жангелдин, Ойыл және Көздіғара ауылдық округтерінің кірме жолдарын жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ұзындығы 7,8 шақырым болатын Сағыз ауылының жаяу жүргіншілер жолымен қоса жарықтандыру жұмыстары өткен жылдың қыркүйек айында басталып, жоба ауыспалы болғандықтан алдағы жылы аяқтау көзделуде.

Сағыз және Мұқыр ауылдық округтерінде ЭЧ теміржол мекемесінің теңгеріміндегі электр желілерінің тозығы жеткендіктен жеткілікті деңгейде тұтынушыларға ток көзін жеткізе алмай келеді. Бұл мәселені шешу үшін жобалық-сметалық құжаттар жасақталып, Жамансор ауылының электр желілері толық жаңартылды. Алдағы жылдары Мұқыр, Кенбай, Жантерек ауылдарының электр желілерінде жұмыс жүргізілмек. Сағыз ауылының 3-ауылындағы 28 шақырым болатын электр желілерін жаңарту жұмыстары биыл аяқталады.

Ұңғыма қазылды

Ауданда 26 елді мекен бар. Оның тең жартысы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.  Миялы ауылындағы Қарасу жерасты су қорының жыл санап азаюына байланысты жаз айларында тұрғындарға ауыз су жеткізу мәселесі орын алып келеді.

Биыл облыс әкімінің қолдауымен қосымша бес ұңғыма қазылып, жаз айында халыққа үздіксіз ауыз су жеткіздік. Алайда, бұл жерде су қорының азаюына байланысты алдағы жылдары халықты ауыз сумен қамту мәселесі күн тәртібінде тұр. Бұл мәселені шешу мақсатында Тайсойған Батыс аймағынан Миялы ауылына дейін ұзындығы 72 шақырым болатын магистралды су құбырының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасақталды.

Сағыз және Мұқыр ауылдық округтеріне де ауыз су жеткізу мәселесі бар. Бұл бағытта Кереген жерасты су қорынан қосымша 3 ұңғыма қазып, биыл іске қостық. Оның нәтижесінде, жер астынан ауыз су алу молайды. Бұған қоса, Кереген –Сағыз – Жамансор топтық су құбырын жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Өзге де елді-мекендерге су желісі құрылыс жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізуді жос-парлап отырмыз.  

«Көгілдір отынмен» толық қамтылады

Бүгінде аудандағы елді мекендердің басым көпшілігі газбен қамтылған. Биыл Кенбай, Тасқұдық, Қоңыраулы, Былқылдақты, Соркөл, Сарқұмақ ауылдарын газбен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары басталып, ауылішілік газ құбыры желілері жүргізілді. Келесі жылы магистральды газ құбырының құрылысы басталып,  жыл соңына дейін халық игілігіне беру жоспарлануда. Осылайша, ауданымыз 100 пайыз газбен қамтамасыз етіледі.

Сайып келгенде, алға қарай да партияның сайлауалды бағдарламасына сай ізденіспен жұмыстана беретініміз ақиқат. Осы ретте, «Мәңгілік Ел» биігіне нық қадам басып, қарышты даму бағытын берік ұстанған, ертеңге деген үмітін үкілеп, жарқын болашағына сеніммен қараған аудан  жұртшылығы алға қарай да барлық салада табысын арттыруға лайықты үлесін қоса береріне сенім мол.

Нұрсұлтан БИСЕМБИЕВ,

«Nur Otan» партиясы Қызылқоға

аудандық филиалының төрағасы,

Қызылқоға ауданының әкімі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз