Ауылдағы бизнестің халі нешік?

Атырау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті. Оның жұмысын облыс әкімінің орынбасары, аталған комиссия төрайымы Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА ашып, жүргізді.

Қазіргі күнде кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік қолдау қарастырылған бірнеше бағдарлама жүзеге асуда. Соның бірі – «Бизнестің жол картасы – 2020». Аталған бағдарлама негізінде несиенің пайыздық бағамын субсидиялау бойынша 125 әйел 8,3 млрд. теңгедей несие алған. Үстіміздегі жылы несиені ішінара кепілдендіру жайы бойынша 6 әйел кәсіпкердің жобасы 84,1 млн. теңгеге кепілдендірілген.

Кезекті отырыста «Мерейлі отбасы» конкурсы, аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік көмек желісін ұйымдастыру туралы да жан-жақты сөз болды.

Комиссия отырысын қорытындылаған Айгүл Теміртасқызы «атқарылып жатқан жұмыс бар, оларды жоққа шығаруға болмайды, бірақ, ауыл бизнесінің өркен жаюына әйел кәсіпкерлерді қолдау қажеттігі туып отыр» – деді. Ал, еңбек ардагері, комиссия кеңесшісі Рәшила Мүрсәлиева  ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қайырымдылық шара өткізу қажеттігі туралы ойын ортаға салды.

Лиза

Сейтімова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз