Атыраулық палуан халықаралық турнирде жүлдегер атанды

img 20240426 wa0147 Спорт

Болгарияда өтіп жатқан Петко Сираков және Иван Илиевты еске алуға арналған U23 ересектер арасындағы Халықаралық турнирде еркін күрестен 70 келіде атыраулық палуан Талап Жолдасов жүлделі ІІІ орын иегері атанды.

Айта кетейік, Т.Жолдасов бірінші кездесуінде Болгариялық палуанды 10:0, екінші айналымда да жергілікті палуанмен кездесіп 7:3 есебінде жеңіске жетсе, үшінші айналымда отандасымыз Олжас Олжахановқа 4:0 есебінде есе жіберді. Ал, үшінші орын үшін таласта боз кілем қожайынын 11:6 есебімен жеңді.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз