Атыраулық балуан Сырбаз Талғат Олимпиада жолдамасына таласуға мүмкіндік алды

img 20240426 wa0098 Спорт

Республикалық күрес түрлері федерациясының шешімімен 9-12 мамыр аралығында Түркия елінде өтетін жолдама үшін таласқа ұлттық құрама сапындағы екінші нөмірлі балуандар қатысады.

Аталған жарысқа 74 келі салмақтағы екінші нөмірлі балуан Атырау облысының белді спортшысы Талғат Сырбаз қатысады.

Ол Париж Олимпиадасы жолдамасы үшін ел намысын қорғайды.

Еркін күрестен 74 келі салмақтағы Ұлттық құрама сапындағы бірінші нөмірлі балуан Нұрқожа Қайпанов Олимпиада жолдамасы үшін әлем чемпионаты және Азиялық іріктеу турнирінде жолдамаға қол жеткізе алмауына байланысты Түркияда өтетін іріктеу турниріне жолдама үшін құрама сапындағы екінші нөмірлі атыраулық балуан Талғат Сырбазға мүмкіндік беріліп отыр.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Сурет: uww.org.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз