Жарнама
Спорт

Атырауда «Ұлы дала тұлпары» бәйгесі кейінге шегерілді

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы қаражаты 54,5 млн. теңгені құрайтын «Ұлы дала тұлпары» ат жарысын өткізбекші. Бұл туралы аталған басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.

Жауаптылардың айтуынша, негізінен байқаудың ұйымдастырылуы 20 наурызға бекітілген. Бірақ жобалық құжаттамасы 9 сәуір күні ғана дайын болып, мемлекеттік сатып алу порталына сол уақытта жарияланыпты. Шарты бойынша үміткерлерден айдың аяғына дейін өтініш қабылдануы керек болатын. Алайда облыс төңірегінде төтенше жағдай режимі жарияланғандықтан, ауқымды шара кейінге шегерілді.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Сурет редакция мұрағатынан

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button