Атыраудағы Томарлы селосында және Геолог ықшам ауданында спорт кешендері салынады

0 34 Жаңалықтар

«Бұл туралы бүгін өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Қазіргі таңда Томарлы селосында және Геолог ықшам ауданында спорт кешенінің құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда. Сонымен қатар, Атырау  қаласындағы 25 мектепке арналған спорт алаңының жұмыстары жалғасуда. Олар биыл  іске қосылады» деді спикер Қайрат Оразбаев.

Еске сала кетелік, өткен жылы Атырау қаласында 17 спорттық нысан пайдалануға берілді. Оның ішінде 5 футбол алаңы, 2 баскетбол алаңы, 4 воркаут, 6 балалар ойын алаңдары бар.

img 20210212 wa0030

«Осы бағытта жұмыстарды әрі қарай жалғастырамыз, жалпы аула ішілік 23 спорттық нысандардың,  оның ішінде 1 футбол алаңы, 2 баскетбол алаңы, 1 баскетбол алаңын  жаңғырту,  6 воркаут, 14 балалар ойын алаңдары құрылысын салу жоспарда» деп нақтылады Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев.

Атап өту керек, онлайн форматта өтіп жатқан брифингке Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысуда. Брифинг «Атырау», «Каспиан ньюс» каналдары арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде таратылып жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз