Атыраулық кәсіпкерлер 3 млн теңге көлемінде грант ұтып ала алады

WhatsApp Image 2018 05 02 at 12.16.29 Жаңалықтар

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жаңа инновациялық жобаларға байқау жариялады, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-05-02 at 12.16.29

Байқауға қатысып, жеңімпаз атанған атыраулық кәсіпкерлер мемлекеттен 3 млн теңгеге дейінгі көлемде қайтарымсыз негіздегі мемлекеттік грант ұтып ала алады. Берілген қаржы техникалық құрал-жабдықтар сатып алуға, франшиза құқығын иеленуге, материалдық емес активтерге қол жеткізуге және жұмысқа қажетті өзге ресурстарды алуға жұмсалуы керек.

Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы ұйымдастырған ашық конкурс нәтижесінде ісін жаңа бастағандар, жас кәсіпкерлер, нәзік жандар мен мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер мен 50 жастан асқан тұлғалар (жеке бизнесін құру үшін) мемлекеттік гранттар иеленеді.

20 сәуірде басталған конкурсқа құжаттарды қабылдау 20 мамырда аяқталады. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына жіберу керек. Байланыс телефоны: 8/7122/354589/354575

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз