Атырауда параға 300 қап сиыр тезегін сұраған әкімнің масқарасы шықты

Б кей хан кесенес¦ жа артылуда Жаңалықтар

Атырауда ауылдық округ әкімі кәсіпкерден параға 300 қап сиырдың тезегін сұрағаны үшін жауапқа тартылды деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Б__кей хан кесенес¦ жа__артылуда

Атырау қаласы маңынадағы Ақсай ауылдық округінің әкіміне И. есімді азамат Ақсай кентінен үй салу үшін жер учаскесін алуға жинаған құжаттарына қол қойғызбақ болады. Алайда бірден қол қойып бермеген әкім И.-дің жеке кәсіпкер екенін, органикалық тыңайтқыштар сатумен және жеткізумен айналысатынын біліп, одан 300 қап тезек сұраған.

Сол талапты орындағанда ғана құжатқа қол қоятынын айтады.
Жеке кәсіпкер әкімнің шартын орындап, 300 қап сиырдың тезегін әкеліп берген.
Бірақ И.-ға тағы басқа құжатқа қол қойдыру керек болады, әкім бұл жолы 50 қап тезек сұраған. Осылайша әкімнің тезек түрінде алған парасының сомасы 206 мың 750 теңгені құраған.

Сот отырысында әкім кінәсін мойындады, сот оған 6 202 500 теңге айыппұл төлеуді міндеттеп, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз