«АЙДЫННЫҢ» АУЫЗ СУЫ

Индербор кентінің 80 жылдығына орайластырылған мерейтойлық шаралар шеңберінде ауданда бұрын-соңды болмаған жаңа өндіріс орнының тұсауы кесіліп, таныстырылымы болды. Бірден айта кетелік, озонмен тазартылған ауыз су «Айдын» деп аталады.

 

Жергілікті тұрғындарға осындай тамаша сыйды тарту еткен жаңа жоба «Ахмадияр» ЖШС-нің базасында жүзеге асырылған. Кәсіпкер Әсел Төлеуқызының айтуынша, осы істі бастау үшін ол «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы екінші деңгейлі «Центркредитбанк» мекемесінен несие алған. Сөйтіп, шағын су тазарту цехының жобасы бірнеше көрсеткіштер бойынша сараптамадан өткізілген. Ал, су тазарту қондырғысы (американдық үлгідегі) Қытай елінде дайындалған. Арнаулы мамандардың көмегімен орнатылған құрылғыдан түтікше арқылы су жіберіліп, бірнеше сатылы тазарту сүзгісінен өткізіледі.

Зауытта сағатына 1 тоннаға дейін су дайындалып, сыйымдылығы 18,9 литрлік ыдыстарға құйылады. Қазірде «Айдын» таза ауыз суының алғашқы легі базарлар мен сауда нүктелеріне жөнелтіліп, тұтынушылардан лайықты бағасын да алып үлгерген.

Дәулетқали АРУЕВ,

Индер ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз