Бейнеттен көз ашпадық

 Біз Атырау қаласы «Балауса» шағын ауданында тұрамыз. «Балауса-3» көшесі сонау 2006 жылдан бері салыну үстінде. Содан бері он жылдай уақыт өтсе де, көшемізде тас жол, жарық, байланыс бөлімшесі, ең кішісі – қалдық салатын жәшіктер жоқ. Шағын ауданда қырықтың үстінде көше бар. Соған қарамастан тас жол бұрынғы көшелерге емес, жаңадан берілген көшелерге салынуда.

 Аз ғана жауын жауса, далаға шығудан қаламыз. Бұл, әсіресе, жас балаларға қиын. Қыстағы қар суы сорылмағандықтан үйлердің септиктері толып кетеді. Мұндайда тұрғындардың көлігі үй маңдарына жақындай алмай, далада қалады. Тіпті, су соратын машиналар да, ауру адамдарға шақыртқан «жедел жәрдем» де кіре алмайды. Меніңше, мұны қала және облыс басшылығы ойластырып, халық мүддесіне қарай шешулері керек.

Мұханғали ҚАПСИХҰЛЫ,

«Балауса-3» көшесі тұрғыны.

Бетті дайындаған Лиза СЕЙТІМОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз