Бір аптада – төрт қылмыстық іс

d3428778d41520d2c021049be69861ad 1280x720 Құқық


«Бекіре-2024» балық қорғау акциясының алғашқы аптасында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 50-ден астам дерегі анықталды. Бұл туралы ,,Жайық-Каспий» облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы бөлім басшысының міндетін атқарушы Олег Тушканов хабарлады.
Оның айтуынша, осы кезеңде браконьерліктің және қоры азайып бара жатқан, жоғалып кету қаупі бар бағалы балық түрлеріне заңсыз қол сұғушыларға қатысты 4 қылмыстық іс қозғалып, өзге де бұзушылықтар бойынша кінәлі деп танылғандан тұлғаларға жалпы сомасы 1,5 млн. теңге айыппұл салынған.
-Акция аясында жүргізілген жедел жұмыстардың нәтижесінде жалпы салмағы 500 келіге жуықтайтын бекіре тұқымдас ,,су маржаны», 15 аулау құралы, 7 су көлігі және бір автокөлік тәркіленді, – деді инспекция өкілі.


Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз