«ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА»

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында ұйымдастырылған «Ел болашағы - жастардың қолында» атты жастар форумына қатынасушыларды Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Бибоз Шаяхметов бастап барды. Аталған форумға Ақтөбе облысының Ойыл ауданының және Батыс Қазақстан облысының жастары қатынасты.

Форумда «Жастар және дін» тақырыбы бойынша өз баяндамасын үздік қорғаған жерлесіміз Дулат Ғұбайдуллин жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Ал, жастар арасында ұйымдастырылған аяқдоп сайысынан Роман Майлашев «Үздік шабуылшы» атанды. «Спорт!Денсаулық!Болашақ!» атты көңілді старт ойынында «Қызылқоға жастары» құрама командасы жеңіске жетіп, дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Форум аясында белсенді жас Әділбек Қайыров қонақкәде жасап, Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Берлешұлы Шахаровтың алғысын алып, ақшалай марапатына ие болды.

Мағрупа БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,
Қызылқоға ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз