ЕҢБЕК ЕРДІ ЕЛГЕ ТАНЫТАДЫ

Елбасының республикадағы бірнеше отандық телеарналар тілшілерімен өткізген сұхбаты – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына биылғы Жолдауының, «Тәуелсіздік толғауының» лайықты жалғасы. Өйткені, мұнда да ел өміріндегі елеулі оқиғалар, өткен белестеріміз бен келер жоспарларымыз сараланады. Бәрі де – маңызды тақырыптар. Әйтсе де, солардың ішінде Нұрсұлтан Әбішұлының еңбек туралы айтқаны көңілге өте қонымды.

Расында да, Елбасы айтқанындай, тәуелсіздікті алу бар да, оны сақтау бар. Бұл – өте қиын нәрсе. Егемендігін жариялағанмен, есесін жіберіп жатқан мемлекеттер аз ба? Халқы тоз-тоз болып безіп жүрген, ішкі де, сыртқы да саяси ахуалы әбден асқынған елдер кездеседі. Демек, тәуелсіздігін сақтау үшін әр мемлекетке өзге де қажеттіліктермен бірге мықты экономика керек. Ал, ол еңбексіз қалай қалыптасады?

Елбасы таңдаған он жоғары оқу орны қатарында Атырау мұнай-газ институты да болуы қуанышты. Байырғы білім ордасының екінші тынысы ашылғалы отыр. Осында дәріс алған мамандар шын мәнінде сұранысқа ие болады. Мемлекет басшысы айтқанындай, жастар жұмысшы мамандығынан қашпауы қажет. Олар өмірдің алғашқы баспалдағынан осылай өтуі шарт. Ал, адал еңбек ерді елге танытады.

Тілекқабыл ҚАБДОЛОВ,

облыстық кәсіподақтар федерациясы төрағасы.  

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз