ҚАУІПТІ ДЕРТТЕН ҚАШЫҚ ЖҮР!

Жыл сайын, мамырдың үшінші жексенбісінде дүние жүзінде ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың Халықаралық күні атап өтіледі.  Осы атаулы күнге орай облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және оның алдын алу орталығының ұйымдастыруымен шара өтті.

Орталықтың бас дәрігері Күлсім Дүржанованың айтқанындай, қазіргі уақытта әлемде 32 миллионнан астам адам АИТВ жұқтырған, ЖИТС-тен 20 миллиондай адам қайтыс болса, оның көпшілігі – 30-ға жетпеген жастар.Осы ретте Қазақстанның барлық аймақтары сияқты бұл дерттен Атырау облысы да сырт қалып отырған жоқ. Күні бүгін аймақта АИТВ жұқпасын жұқтырған 142 адам есепте болса, ағымдағы жылдың төрт айында 8 адам осы ауруға шалдыққан.

ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне байланысты орталықта «Ашық есік күні» ұйымдастырылады. Осы күні тілек білдірген әр адам орталыққа келіп, АИТВ-ға тегін дәрігерлік кеңес алып, тексерістен өте алады. Басқосуда облыстық наркологиялық диспансердің бөлім меңгерушісі Валентина Страмаусова, туберкулезге қарсы күрес диспансерінің дәрігері Аманкелді Аймұрзаев, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Күләш Бисатова, басқа да мамандар қауіпті дерттің алдын алу бағытында өздерінің ой-толғамдарын ортаға салды.

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз