Жылыой ауданында эпидемиологиялық ахуал тұрақты

screenshot 20240416 183005 telegram Медицина

Бұл туралы аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Талғат Хабибуллин мәлімдеді, – деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

Аудан аумағында күнделікті уақытша эвакуациялау пункттерінен және
су беру көздерінен сынамалар тексерілуде. Соның  ішінде осы күнге дейін тамақ өнімдерінен  барлығы 133 сынама алынды.

– Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінен 118 сынама алынып, оның ішінде 4 сәйкессіздік судың түстілігінен анықталды. Сондай-ақ, суды микроблиологиялық зерттеу үшін 122 сынама алынды. Бұдан сәйкессіздіктер анықталмады.
Аудан көлемінде жиналған тасқын судан 9 сынама алынып, нәтижесі – Энтеровирус, ВГА, Ротавирус – теріс. Қалған 7 сынама – жұмыс барысында.
Алдағы уақытта да жұмыстар өз жалғасын табады, – деді Талғат Хабибуллин.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз