Жылыой ауданында орталық аурухана жұмысын қайта бастады

img 20240418 190327 594 Медицина

Су тасқыны салдарынан науқастарды қабылдауды тоқтатқан Жылыой аудандық орталық ауруханасы өз жұмысын бүгін, 18 сәуірде сағат 19.00-де қайта бастайды. Пациенттерді қабылдау кестесі өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.

Айта кету керек, ауруханаға апаратын жолдың шайылуына байланысты медициналық мекемеге апаратын жолдың бағыты  өзгерді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз