Науқастарды тасымалдаудың схемасы жасақталды

img 20240420 wa0055 Медицина

Өңірде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануына байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан штаб құрылып, барлық медициналық ұйымдарда су тасқыны орын алған кезде эвакуациялау жоспары бекітілді.
Медициналық мекемелерде эвакуациялау кезінде жауапты мамандар тағайындалып, қажетті іс-шаралар атқарылуда.

Медициналық мекемелердің 2-3-ші қабаттарына медициналық құрал-жабдықтар көшірілді. Резервтік кереуеттер жасақталып, генераторларды судан қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қажеттілікке сәйкес қосымша генераторлар және қажетті техникалар сатып алынуда. Сонымен қатар, су тасқыны орын алған жағдайда қоныстандыруға арналған эвакуациялық пункттердегі халыққа қажетті медициналық көмекті көрсету мақсатында әр пунктке жауапты болып медициналық-санитарлық алғашқы көмек мекемелері бекітілді.
Су тасқыны орын алған жағдайда облыстық денсаулық сақтау басқармасымен эвакуациялау кезінде медициналық ұйымдар арасында өзара тасымалдаудың 2 түрлі схемасы жасақталып отыр. Схемаға сәйкес ауруханадағы науқастар басқа стационарларға немесе емханаға аударылады. Стационарлық ауыр жағдайдағы науқастар ауруханада қалып, соматикалық науқастар резервтік стационарларға тасымалданатын болады.
Қазір стационарлық ауруханалар базасында қосымша 10-нан 30-ға дейінгі резервтік кереуеттер қоры жасақталды. Қосымша модульдік ауруханада – 200, «Park West Health» ЖШС-да – 20, «AB Medical» және «Family Park Health» ЖШС-да 10 кереуеттен (травматологиялық және хирургиялық) қосымша орындар ашылды.
Екі апталық үзілістен кейін 18 сәуірден бастап Жылыой аудандағы су тасқынына байланысты табиғи апат салдарынан су қоршауында қалған Жылыой аудандық орталық ауруханасы өз жұмысын жалғастыруда. Ауруханаға апаратын жолдың бұзылуына байланысты жолдың бағыты өзгергенімен, науқастарды қабылдау тәртібі өзгеріссіз.

Қайсар АБДАЛИЕВ,
облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз