Атырау облысында бір тәулікте 340 адам Covid-19 жұқтырған

52210596 401 Медицина

Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында, Жылыой ауданында байқалып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 340 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 230 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 28 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 26 науқас, Индер ауданында – 11, Исатайда- 11, Қызылқоға ауданында – 12, Құрманғазы ауданында – 11, Мақат ауданында – 5, Махамбет ауданында – 6 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 230 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 110 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 258 адам емделді.

Қазір 5 333 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 195, екінші облыстық ауруханада – 200 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 76, кардиоорталықта – 105, т/ж ауруханасында – 108 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда – 410, облыстық ауруханада – 94, жатақханада – 108, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 440 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз