Таныс болыңыз: ЖАҢА АЙДАР! Тың қуаттар – ЖАҢА ЖОБАЛАРҒА!

  Аймақта индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында бірінші бесжылдықта жалпы құны 76 млрд. теңгеге бағаланған 35 жоба жүзеге асырылды. Бүгінде екінші бесжылдық белестері алынуда. Мұның бәрі – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту. Қатарға қосылған тың кәсіпорындардың қазіргі тынысы қандай? Оларда жергілікті жұмыс күші тартылған ба? Өңір экономикасына олар нендей үлес қосып жатыр? Жаңа айдар мақсаты – осы өндіріс ошақтарынан репортаждар дайындап, оқырман назарына ұсыну.

(репортаж)

Тың қуаттар – ЖАҢА ЖОБАЛАРҒА!

  Жарты ғасырдан астам тарихы бар Атырау энергетика кешенінің алтын әріптермен жазылған шежіресінде Елбасының кәсіпорында болуы ерекше орын алады. Мемлекет басшысы осындағы кезекті қуаттардың бірін өз қолымен қатарға қосып, жергілікті энергетиктердің еңбегіне ризашылық танытты. Осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыра беруге тілек білдірген. Мұндағы қол жеткізген жетістіктері туралы айтуға тұрарлық істер өте көп. Әсіресе, Атырау жылу-электр орталығында жүзеге асырылған жаңғырту шаралары осы өндіріс ошағының қуатын еселеп арттырып, өңірде сенімді энергетика қауіпсіздігін қалыптастырды. Расында да, республиканың кейбір өңірі энергетикалық тапшылық көріп, көрші елдерге тәуелділік күйін кешіп отырғанда, мұнайлы мекенде мұндай олқылықтар туындап жатырған жоқ. Соңғы жылдары оң нәтижесін берген инвестициялық бағдарлама нәтижесінде аумағымызда электр және жылу энергияларына сұраныс толығымен шешілген. Тіпті пайдалануға берілер жаңа нысандарды да қамтамасыз етерліктей жеткілікті қор жинақталған.

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз).

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз