Атырауда бір тәулікте 9 адам коронавирустан көз жұмды, 98 науқас реанимацияда

1 26 COVID-19: Соңғы поштадан...

Атырауда эпидемиологиялық ахуал күн санап ушығып барады. Қазіргі таңда облыстың реанимация бөлімшелерінде 98 пациент жатыр, олардың 10-ы жасанды тыныс алу аппараттарына қосылған.

«Ал, облыста бір  тәулікте 435 адам Covid-19 жұқтырған. Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында, Жылыой ауданында  байқалып отыр» деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 228 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 95 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 56 науқас, Индер ауданында – 13, Исатайда – 13, Қызылқоға ауданында – 9, Құрманғазы ауданында- 6, Мақат ауданында – 6, Махамбет ауданында – 9 адам инфекция жұқтырған.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 88 адам емделіп шықты.

Қазір 8 693 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 179, екінші облыстық ауруханада – 190 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 81, кардиоорталықта – 101, теміржол ауруханасында – 102 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда – 372, облыстық ауруханада – 192, жатақханада – 145, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 414 науқас жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.



Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз