ЖЕКЕ КУӘЛІК: ЖАҢАСЫНА АУЫСТЫРУ МІНДЕТТІ ЕМЕС

Жеке куәлікті жаңасына ауыстыру міндетті емес. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ішкі істер министрінің блогына сілтеме жасап хабарлап отыр.

 

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа тұрғындардан «куәлікті ауыстыру міндет пе немесе мұны қалауымызша жасауға бола ма?» деген сұрақ қойылған болатын.

Қ.Қасымов ҚР Үкіметі 2013 жылдың 4 шілдесінен бастап берген көне үлгідегі құжаттардың мерзімі біткенше жарамды екенін айтты.

«Жеке басты куәландыратын құжатты жаңасына ауыстыру ұсынылады», – деді министр. Ол жаңа куәліктің бірқатар артықшылығы барын айтты: куәлік иесінің электронды-цифрлық қолтаңбасы «Электронды үкімет» порталы арқылы барлық қызметті алуға мүмкіндік береді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз