Атырау қаласында жаңа мектептердің құрылысы басталмақ (+ФОТО)

278983905 1594265314289279 6138995732994349552 n Білім

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті.

Биыл Атырауда бірнеше мектеп салынады. Соның ішінде, Тасқала-2 (Өрлеу), Еркінқала-2, Көктем-2, Бірлік-2 ауылдарында 600 орындық жаңа білім ошағының құрылыстары жоспарланған.

Қалалық білім бөлімі мамандарының мәліметінше, бүгінде мектептерде орын жетіспеушілігіне байланысты үш ауысымдық оқу ұйымдастырылған. Жаңа мектептер пайдалануға берілген соң, №39, №32, Амандосов атындағы және Еркінқала мектептерінде үш ауысымдық оқу жойылады деп күтілуде.

Сондай-ақ, биыл Жаңаталап және Балауса елдімекенінен екі мектептің құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

278530369 1594265347622609 6395235953160898489 n
278574246 1594265340955943 4844388192714145103 n
278576936 1594265294289281 625591139898945982 n
278569759 1594265290955948 9123192277539843116 n
278576791 1594265357622608 5489230367119443045 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз