Үш дөңгелекті велосипед

Үш дөңгелекті велосипед Жаңалықтар

Астанада өтетін халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін жұртшылыққа кеңінен насихаттау мақсатында Ғ.Сланов атындағы орта мектепте арнайы шара өтті.

Үш дөңгелекті велосипед

Аталған шараны ұйымдастырудағы мақсат – келешектің қуатын айқындай түсетін жаңа жобалардың ашылуына ұйытқы болу, оқушыларды іскерлікке, ойлау қабілетін жетілдіруге дағдыландыру, ең бастысы – еліміздің гүлденуіне үлес қосу. Көрмеге оқушылардың өздері жасаған әртүрлі макеттері қойылды. Мұнда 9 сынып оқушысы Жайлым Еркінбек құрастырған үш дөңгелекті велосипед пен 10 сынып оқушылары жасаған «Тайсойған» сүт  зауытының  макеті келушілердің көңілінен шықты.

Мейрамгүл  НҰРМҰХАНОВА,

мектеп тәлімгері,

Қызылқоға ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз