Ардагерлер қандай құрметке де лайық

1 15 scaled Қоғам

Аtr.kz/7 мамыр, 2020 жылМемлекет басшысы қабылдаған «Ардагерлер туралы» Заң Ұлы Жеңістің 75 жылдығына үлкен тарту болды.

Өйткені, қарты бар ел – қазыналы ел, қартын сыйлаған халық ештеңеден қапы қалмайды.          

Бір ғана мысал: үйіңізде үлкен кісіңіз болса, арқаңыз кең, аспай-саспай жүресіз. Онымен түрлі тақырыпта əңгімелесіп, қандай мəселеде де кеңес ала аласыз. Ең кішісі сол, бала-шағаңызды сол кісілердің жанына қалдырып, түздің жұмысын емін-еркін жасай бересіз.             

  «Қарт қойнында қалаш бар» деген сөз де тегін айтылмаған. Шынымен де, қарияларымыз –  біздің ақылшымыз, қысылғанда арқасүйер данамыз.

Енді осы заңмен олардың мəртебесі айқындалып, оларға ерекше құрмет көрсетілетін болады. Себебі, ардагер қандай ізетке де, марапатқа да лайық!    

Жанна ШАЯХМЕТОВА,             

   заң ғылымдарының кандидаты, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-дың қылмыстық құқық пəндері кафедрасының профессоры.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз