Індетпен күреске күллі қазақстандық жұмылуы керек

images Қоғам

Atr.kz/20 наурыз, 2020 жыл. «Әлемнің 155 еліне тарап жатқан бұл індетпен күрес үшін Елбасы ұсынған қорды құрып, оған барлығымыз атсалысуымыз керек» дейді атыраулық тарихшы ғалым Амангелді Шамғонов.

«Бүгін Елбасы халыққа Үндеу жариялап, коронавирус пандемиясымен күреске арнайы қор құруды ұсынды. Мен бұл бастаманы қолдаймын. Қазіргі сындарлы кезеңде бізге осындай күрделі шешімдер керек.

Рас, қазіргі таңда еліміз қиын сын сағатты бастан өткеріп жатыр. Осы кезеңде бізге бірлікте болу, сабыр сақтау маңызды.
Бұл пандемияның әлемге таралуы бір жағынан барша әлемге өмірлік сабақ. Дүние бір орында тұрмайды. Мұндай ауыр сынақтар кезінде тарихта да болды.

Оба, шешек сияқты аты жаман аурулар қазаққа оңай тиген жоқ. Бірақ, халқымыз ол қиындықтарды да еңсерді.
Бірлік бар жерде тірлік бар. Бұл кезеңдер де өтеді. Бастысы, бардың, бейбіт күннің қадірін білсек екен деймін. Осы қорға кәсіпкерлермен бірге, әр азамат, кәсіпондарындар бір күндік жалақыларын аударса деген ұсыным бар» дейді белгілі тарихшы ғалым Амангелді Шамғонов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз